Бу арқылы емделу медицина тілінде ингаляция деп аталады. Ингаляция – асқынып кеткен аурудың бетін бумен қайтару. Бу арқылы емделудің артықшылығы бар және ол қалай қызмет атқарады? Бумен емделу – үй жағдайында емделудің бір түрі. Ринит, тонзиллит, фарингит, бронхит, баспа және тағы басқа тыныс алу мүшелерінің ауруларына ем бола алады.